11.08.2016 в 21:48

Жасөспірімдер футболынан халықаралық турнирдің үшінші күні

Бүгін – Шымкентте Елбасы кубогі үшін басталған жасөспірімдер футболы турнирінің 3-ші күні. Тамыз айының 8-нен бері өтіп жатқан жарыста «Россия 2» мен Әзірбайжан, Тәжікстан және Иран футболшылары бақ сынады.

Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі үшін футболдан жасөспірімдер арасындағы  жарыста «Б» тобы бойынша бүгін «Ресей-2» мен  Әзірбайжан құрамалары кездесті. Әзірбайжан ойыншысы Хагани Садыхов бұл ойында қарсыластың қақпасына алты гол соқса, Камран Гулиев төрт рет мергендік танытты. Рафиг Мирзаев шәкірттері кездесуде ірі есеппен жеңіске жеткенімен, өз тобында үшінші орын алды. Олар енді бесінші орын үшін таласады. «В» тобында бірінші және екінші орынды Тәжікстан мен Иран құрамалары иеленді. «Ресей-2» командасы - соңғы орында. Бұл туралы shymkenttv.kz хабарлайды.

Александр Кузнецов, «Қазақстан» ұлттық  жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы

9-шы халықаралық турнир өтуде. Оның ішінде бұл жарыс тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнайы ұйымдастырылып отыр. Ойын жоғары деңгейде өтуде. Үш құрлықтан жиналған білікті 8 команда жиналып отыр. Ойын үлгілері де әр түрлі, бірі европалық, бірі азияттық, ойын үлгісін көрсетсе бірі өзіміздің Бразилияда шеберлігін шыңдап жүрген ойыншылар. Көріп тұрғандарыңыздай ойын қызықты өтуде.

Сондай-ақ, «БИІК» спорт кешенінің келесі алаңы «Намыс» стадионында Тәжікстан жеткіншектері мен ирандықтардың ойыны өрбіп жатты. Бұл матчтың жеңімпазы автоматты түрде ақтық ойынға жолдама алады. Сол себепті, біріші таймның соңына дейін екі команда да асықпай, абайлап, бір-бірін күтіп ойнады. Бірінші таймның соңында 1:0 есебі тіркелді. Тәжікстандық ойыншы есеп ашты. Екінші тайм бастала салысымен, ирандықтар есепті теңестіруге тырысып-ақ жатты. Бірақ, есеп 2:1 болып, тәжікстандықтардың пайдасына шешілді. Ертең – ақтық ойын. Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтеді.  Жеңімпаздар да сол кезде марапатталады.