Ә.Е. Тұрғымбеков 1959 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, инженер-механик, инженер-экономист.
Еңбек жолын 1981 жылы Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инженер-технологы ретінде бастаған. 1983-1994 жылдары Ленгір аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы және хатшысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, Шымкент облыстық халықтық бақылау комитетінің нұсқаушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы, Төлеби ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 1994-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары - ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі және аппарат басшысы, Шардара және Сайрам аудандарының әкімі, «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
2009 жылдың шілде айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының әкімі болып еңбек етіп келді.
Айта кетейік, Түлкібас ауданы - облыстың Оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік, 1928 жылы құрылған. Орталығы - Тұрар Рысқұлов ауылы. Тұрғындар саны 108 900 адам (2015). Жерінің аумағы 2,3 мың км2.
Мақтан тұтар байлығының бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр.