- Қазіргі таңда №34 мектептің 150 орындыққа лайықталған оқу ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. 2015 жылы 9 мектеп үш ауысымда жұмыс істеді. Биыл олардың саны жетіні құрап отыр. Бұл мәселені шешу үшін қала маңындағы аудандарда жаңа мектептердің құрылысын уақытша кеңейтіп құру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда қалалық білім бөліміне қарасты 221 білім мекемесінің 171-де ағымдағы жөндеу, сығымдау жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттары рәсімделді. Қалған нысандардағы жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылғы 15 тамызға дейін аяқталатын болады.Қысқа дайындық жұмыстары бойынша, Шымкент қаласына қарасты 223 білім мекемелерінің қатты отынды қажет ететін 23 мекемеге 4448 тонна көмір толығымен жеткізілген.
Сонымен қатар, 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығын қамтитын республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл тоғызыншы жыл жалғасуда. 2016 жылы республикалық акциясы барысында 29644 оқушыларға қолдау көрсетілетін болады. Мемлекет есебінен көмек көрсетілетін балалардың саны 5000 құрайтын болса, «Қызыл ай» қоғамдық қоры есебінен 308 оқушылар сырт киімен қамтылатын болады.Демеушілердің есебінен 4000 балаларға көмек көрсетіліп, «Халық банкі» АҚ және «Билайн» байланыс орталығымен 10000 оқушы оқу құралдарыменен қамтылатын болады.