16.08.2016 в 18:57

«Алматы -Термез» автомагистраль бойынан заманауи сауда қатары салынбақ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Алматы-Термез» автомагистраль жолында орналасқан 94 нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес түсінік жұмыстарын жүргізу нәтижесінде заңсыз салынған 20 нысан бұзылды.

Сонымен қатар, Шарапхана ауылы округінен өткен республикалық маңызы бар автомагистраль жолының 741-785 шақырымы бойындағы заңсыз салынған нысандары мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтамай салынған 14 құрылыс нысандарын  Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына заңдылығын тексеріп, тиісті шара қолдану үшін хаттар жолданып, ескерту хаттар берілді.

Бүгінгі таңға 8 нысан иелері сотқа тапсырылды. Оның 5-не айыппұл салынып, бұзылуға шешім шығарылды. Ал 3 нысан сотта қаралып жатса,  бір нысан иесі өз еркімен бұзды. Қалған нысандар бойынша қайта ОҚО сәулет-құрылыс бақылау басқармасына заңдылығын тексеруге жолданып, осы жылдың 22 тамызы күні сотқа тапсырылады деп күтілуде.

Республикалық маңызы бар «Алматы-Термез» автомагистралі жолының бойынан заманауи талапқа сай сауда қатарын салуға жобалық сметалық құжаты әзірленіп, жалпы егжей-тегжей жоспарын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы қаралып отыр. Алдағы уақытта автомагистраль бойынан жаңа заманауи сауда орындарын көретін боламыз.