Елбасының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, акция аясында Шымкенттегі білім мекемелерінде әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмек берілді.
Яғни акция барысында қаланың 29644 оқушысына қолдау көрсетілді. Оның ішінде: жалпыға міндетті білім қорынан 5000 баланың есеп-шоттарына -12000 теңгеден, барлығы 60 млн. теңге аударылған болса, қала әкімінің демеушілігімен 100 бала мектеп сөмкесімен қамтылатын болады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қаламызда әлеуметтік көмекке мұқтаж 29644 бала есепке алынған.
Осылайша, акцияға қала әкімдігі, жеке кәсіпкерлер, мектеп әкімшілігі қолдау көрсетіп, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор болып, олардың әлеуметтік себептер салдарынан мектепке бара алмауының алдын алды.