Елбасының Жолдауында айтылған бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы бойынша және жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен шараға 15 аудан, қаладан 300-ден аса спортшы қатысты.
Облыс деңгейінде үшінші рет ұйымдастырылып отырған жарыста спортшыларымыз футбол, волейбол, шахмат ойындарынан бақ сынасты.
Нәтижесінде: футбол ойындарынан бірінші орынды - Арыс қаласы алса, ал волейбол ойындарынан І орынды Түркістан қаласының спортшылар иеленді. Сонымен қатар, шахмат ойындарында Қазығұрт ауданы жүзден жүйрік шығып, І орынды қанжығаларына байлады.
Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің үш жыл қатарынан ұйымдастырылып келетін спорттық турнирге бес мыңға жуық жас спортшылар қамтылған.