21.07.2014 в 12:16

ЛИДЕРСІЗ ӘЛЕМДІК ТӘРТІП ЖОҚ немесе аймақтық қақтығыстар өрши түседі

 

Қазіргі уақытта аймақтық қақтығыстар жиілеп тұр. Тұрақсыздық жайлап келеді. Ресейдің агрессивті саясаты, Ирактағы бүлікшіл қозғалыстар, Газа секторындағы жағдай, Қытай мен көршілестерінің арасы – осылардың бәрі жаһандық деңгейдегі алаңдаушылықты тудырып отыр. Үлкен өзгерістерді қажет етеді.

Егер Украина Владимиир Путиннің Еуразиялық Одақ туралы арманының бір бөлшегі болып қала беретін болса, соңғы 9 айдағы өзгерістер мен дағдарыс бұдан әрі тереңдей бермек. Жақын болашақта Укарина ол одаққа кірмейді. Себебі Ресейге экономикалық тәуелділікті азайтып, Еуропамен саяси, экономикалық және әскери салаларда мықты байланыс орната бастады. Әрине, бұл процеске кесірін тигізу үшін Путин барлық амалдарды істеп бағады. Украина конституциясының өзгеріске ұшырап, аймақтық билік өкілдерінің құзіретін кеңеюін қалайды. Әлбетте, шығыс облыстарға ықпалын сақтап қалу үшін.

Ирактың күн тәртібіне сектанттық соғыс шықты. Сунниттік құрылым Ирактың солтүстігіне бекіп алған. Олар шиизм билігі салтанат құрған Бағдатты алмай тоқтамайтын сыңай танытып келеді. Күрдтер Ирактың солтүстігінен автономды аймақ құрып алды. Шииттер мен суниттердің арасындағы күрестің ең қауіпті тұсы - жаңа бір аймақтық қақтығыстың туындауына әкеп соғуы. Әзірге америкалықтар үндемей ғана бақылап отыр. Бірақ Иран мен Сауд Арабиясының бәсекелестігі ерте ме, кеш пе әйтеуір Таяу Шығыста үлкен бір қақтығысқа апарады.

Азияның шығысында Қытай мен оның көршілерінің арасындағы қарым-қатынас өте күрделі болуы кәдік. Аймақтағы мемлекеттерге ықпалын күшейту үшін Бейжің билігі уақыт өткен сайын агрессивті бола түседі. Қазірдің өзінде Вьетнам мәселесін қолға алып отыр. Вьетнамның Жапония мен Филиппиннен айырмашылығы - АҚШ-тың қолдауы болмауы. Жапон премьері Синдзо Абэнің ел конституциясын «қайта түсіндіру» жоспарына сәйкес, Күн шығыс елі өзін өзі қорғауды кеңейтпек. Бұл дегеніңіз – Қытай мен Жапония арасында үлкен қақтығыстың болу мүмкіндігін жоғарылатады.

Біз үлкен сынақ алдында тұрмыз. Қазіргі қақтығыстардың барлығы да әлемдік тәртіпті сақтамай, оған бағынбай отыруынан шығып отыр. Саяси лидерлердің мәселені бағамдай алмауы мен оның шешу жолдарын шешпегенінен болды.

Иан Бреммер Corriere della Sera