Нысан құрылысы "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаржыландырылған болатын.
Мектептің жобалық құны - 749 млн. 149 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын "НИК Тараз" ЖШС мердігер компаниясы 2015 жылдың маусым айында бастап, ағымдағы жылдың тамызында аяқтады.
Білім нысаны 300 оқушыға арналған, жалпы ауданы - 3896, 2 шаршы метр. Мұнда 21 оқу бөлмесі, 110 орындық мәжіліс залы, 100 орындық асхана бар.
Оқыту тілі аралас мектеп жаңа модификациялы физика, химия, биология, лингафонды - мультимедиялық, компьютерлік кабинеттермен жабдықталған.
Жаңа ғимараттың ашылуына байланысты 3 ауысымда оқып келген №19 мектеп оқушылары енді 2 ауысымға көшетін болады.
Бүгінде аталған білім ошағының 37 сыныбында 681 оқушы білім алып, 67 мұғалім еңбек етеді.