Осыған орай, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Айгөлек» ансамблін қабылдады.
Қазақ өнерін шет елдерде насихаттауға қосқан үлесі және Испания еліндегі Халықаралық фестивальдегі жеңісімен құттықтаған шаһар басшысы шығармашылық ұжымның алдағы еңбек жолына табыс тіледі.
Кездесуге Оқушылар сарайының директоры Н.Романова, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Р.Каланова және 17 ансамбль мүшесі қатысты.
Айта кетерлігі, «Айгөлек» балалар би ансамблі 1943 жылы құрылған. Ансамбльдің негізін қалаған Цандекова А.Л. 1975 жылдан бері Р.Каланова
Бүгінгі таңда ансамбль 4-17 жас аралығындағы 200-ге жуық өнерлі өрендердің талантын ашуға ықпал етіп отыр.
«Айгөлек» ансамблі республикадағы ең байырғы шығармашылық ұжымдардың бірі. 1973 жылы ансамбль «халықтық» атағын, 1982 жылы Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атағын иеленді.
2000-2016 жылдары Орта Азия және Еуропа елдерінде Халықаралық фестивальдерге қатысып, Гран-при және түрлі жүлделер иесі болған.