Шымкент көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, қаланың коммуналдық қызметтері қоршаулар, құбырлар мен шарбақтардың бояулары да жаңартылды.
Ж. БАЙДУЛЛАЕВ: – Түнгі мезгілде жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің көмегімен көше қиылыстары жабылып, жол таңбалары жарты сағаттың ішінде белгіленеді. Ал бояу 20 минуттың ішінде кеуіп, көліктердің қозғалуына тосқауыл болмайды.
Айта кетейік, көшелер Беларусь елінен әкелінген суық пластик және акрилді бояумен таңбаланып жатыр. Оның алғашқысын Д.Қонаев, Тәукехан және Арғынбеков секілді үлкен көшелерден көруге болады. Мамандардың айтуынша, суық пластиктің сапасы жоғары және
Оңтүстіктің ауа райына шыдамды. Ал акрилді бояуды әр екі ай сайын жаңартып отыру қажет.
Сондай-ақ, қалада қоршаулар, құбырлар мен шарбақтардың бояулары жаңартылды. Бұл жұмыстармен «ЛТД – Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысып, Шымкенттің шырайын одан сайын аша түсті.