Шымкент әуежайынан төрт жүзден астам адам алғашқы қажылыққа бара жатыр («Атлас туризм» - 28, «Хикмет травел» - 12, «Әл Маруа» - 197, «Қызмет саяхат» - 40, «Санабил» - 100, «Хидаят нұр» - 20 адам).
Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарын қажылыққа халықаралық «Flay Nas» әуе компаниясы тасымалдайтын болды. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің өкілдері осындай ортақ мәмілеге келді. Мұсылман қауымы үшін Исламның бес парызының бірі - қажылыққа бару болса, осы жылы қасиетті орынға құлшылық етуге елімізден үш мыңнан астам азамат аттанады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет:
Мұнымен қатар, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет еліміздің барша азаматтарын Ата Заң күні мерекесімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.
Әуежайдағы салтанатты рәсімде елге танымал әншілер мен ақындар жырдан шашу шашып, ғибратты толғаулар орындалды. Қажылық сапары барысында қажыларға білікті дін қызметкерлері мен дәрігерлер қызмет көрсетеді. Ал наиб мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ Қажылық миссиясына төрағалық етеді.
Алла еліміз азаматтарының қажылық амалдарын қабыл етіп, Қазақ елі тыныш, жұртымыз аман болғай.