05.09.2016 в 21:24

Жамбыл облысында «Тәуелсіздік - тірегім!» атты велошеру өтті

Тараз қаласында «Достық» орталық алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыс тұрғындары арасындағы «Тәуелсіздік – тірегім!» атты велошеру  өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Велошеруге облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлері, жоғарғы және арнайы орта  оқу орындары мен қала тұрғындары қатысты. Ісшараға жалпы 700-ден аса адам қатысты.

Велошеруге қатысушылар жалпы орталық «Достық» алаңынан – "Әулие-ата"халықаралық аэропортына дейн барды.

Велошеру жарысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту,  бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Облысымыздың тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және қол жетімді велосипед спортымен шұғылдануға қызығушылығын арттыру.

Атап айтсақ бұл салада атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыс спортшылары республика чемпионаттарында 511 медаль алса, халықаралық жарыстарда 129 медальға ие болды.

Сондай-ақ, аймақта әрдайым дене тәрбие және спортпен 289,4 мың адам  немесе 26,0 пайыз облыс тұрғындары  шұғылданады.