- Бүгінгі күні облыста жалпы аумағы 24 гектарды құрайтын 28 жылыжай жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 23 фермерлік жылыжайлардың аумағы 17,7 гектарды құраса, 4 өнеркәсіптік жылыжай 5,5 гектар алқапқа орналасқан.
- Биылғы жылы Қордай ауданындағы «Грин Вилл» ЖШС қосымша 2 га алқапқа өнеркәсіптік жылыжай салуды бастады.
Облыста жылдан жылға азайып бара жатқан ағын суға байланысты су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 11,9 мың гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді. Аталған мәселе шаруа қожалықтар арасында қолдау тауып, келесі жылы озық технологияны 15,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Ал, ылғалресурс сақтау технологиясы 26,3 мың гектарға енгізілді - деді спикер өткен брифинг барысында.
Жамбыл облыслысындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік жерлерін үздіксіз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі бағдарлама бойынша 12,5 млрд. теңгеге сиымдылығы 99 млн.м3 құрайтын 4 шағын су қоймаларын (Қордай ауданында Ргайты, Қалғұты, Меркі ауданында Аспара және в Талас ауданында Ақмола) жобалауға және салуға, сондай-ақ, 2,7 млрд. теңгеге апатты жағдайдағы Қарақоңыз, Тасөткел және Ынталы су қомаларын жөндеу туралы ұсыныс берілді - деп мәлімдеді А.Т.Нуралиев.