Атап айтқанда, Шаяндағы ұзындығы 6,2 шақырым болатын 15 көше асфальтталып, пайдалануға берілді. Автокөліктерге арналған алты көше кеңейтіліп, жеті жолға (ұзындығы 3,5 шақырым) жаңадан аяқжол (тротуар) төселді.
Аудан орталығының сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары мұнымен тоқтаған жоқ. Абаттандыру жұмыстарын жүйелі қолға алудың нәтижесінде, көше бойындағы жиектер (бордюрлар) жаңартылып, су ағатын арықтар орнатылды.
Бәйдібектегі орталық көшелер де жаңарған. Онда бүгінге дейін 10 орталық көшенің қақпасы (
салынды.
Сондай-ақ, аталған елді мекен көшелерін көркейтіп, көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Мәселен, жыл басынан бері аудан орталығының орталық көшелеріне 2500 түп ағаш отырғызылып, 7 мың дана раушан гүлі мен 13 мың түп гүлді өсімдіктердің түйнектері егілді.
Сонымен қатар, аудан әкімі Шаян елді мекеніндегі дүнгіршіктер мен сауда орталықтарын, дәріханалар мен шаштараз, монша сынды жеке меншіктегі құрылыс нысандарының қас-келбетін ретке келтіру мәселесін көтеріп, оны ретке келтіру туралы меншік иелеріне өтініш айтқан болатын.