07.09.2016 в 22:28

ШЫМКЕНТТЕ "ПƏТЕР ИЕЛЕРІНІҢ КООПЕРАТИВІ" (КСК) ҚҰРЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі  Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен әкімдіктің кеңейтілген мәжілісі өтті. Онда қала әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов  қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жағдайы мен сапасы туралы  баяндама жасады.

-Биыл Шымкент қаласы әкімдігінің 7 құрылымдық бөлімі тарапынан 79 мемлекеттік қызмет түрлері халлыққа көрсетіліп отыр. Тарқатып айтар болсақ, жергілікті атқарушы орган тарапынан 43, ал «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы 36, сонымен қатар, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 14 қызмет түрі көрсетіледі. Ұсынылған қызметтірдің жалпы саны осы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында 237 990 ды құрап отыр,- деді қала әкімі аппаратының басшысы.

Сонымен қатар, қалалық әкімдіктің кезекті күн тәртібінде мемлекеттік басқару органдарының қала бойынша коммуналдық меншіктің сақталуы мен пайдалануына бақылау жүргізу барысы туралы қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Руслан Бақтыбаев баяндама жасады. Толығырақ тоқталар болсақ, бүгінгі таңда қалада барлығы 283 коммуналдық заңды тұлғалар бар болып, олардың меншігіндегі 1963 нысан мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілген. Мәселен, қаладағы 21 бағдарлама әкімшілерінің 14-і өз ғимараттарында орналасқан, қалған 7-уі жалға алып, жұмыс жасайды.

Мәжіліс соңында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жауапты бөлімдерге осы жылдың соңына дейін Шымкентте ПИК (КСК) жұмыстарын жүйелеп, тұрғындар үшін тыңғылықты жұмыс істеуге тапсырма берді.