08.09.2016 в 20:48

Шымкентте еліміздегі ең ірі арт өнер туындысы жүзеге асырылуда

Шымкенттік суретшілер мен «Repas» өнер тобы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың бастамасымен қолға алынған республикадағы ең ірі өнер жобасының жұмысын аяқтады.

Аталған жоба аясында Арғынбеков көшесіндегі бес ғимарат қабырғасына көркем картина салынды. Шаһар аумағын көркем көрініспен безендірген суреттің тақырыбы - «Жібек жолының керуендері».

Айта кетерлігі, безендіру жұмыстары барысында 1000 дана бояу құтысы мен 250 кг түрлі эмульсиялық бояу пайдаланылған.