«Central Asia Gold Corp.» жобасының құны - 2,1 млрд теңге. Жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша аймақтық индустрияландыру картасына енгізілген. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша несиенің пайыздық жарнасын субсидиялау келісімі бекітілген. Өңірдің 160 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.
Аталған өндіріс зауыт қуатын толық игеру арқылы алтын кенішінен жылына 600 мың тонна кен игеруді жоспарлаған. «Central Asia Gold Production» ЖШС өнім өндіруінің жобалық қуаты - жылына 500 келі катод алтыны немесе Доре қорытпасы. Геология комитетімен келісім бойынша, жер қойнауын зерттеу үшін тағы
Көгадыр кенішін геологиялық барлау аумағы 33 шаршы шақырым, кен қоры - 6,7 миллион тонна, алтын - 12 тонна. Сонымен бірге, жергілікті кеніштегі орташа алтын мөлшері тоннасына 1,5 граммды құрайды.
Кен орны ашық және жерасты әдістерімен игерілуде.
Жамбыл облысындағы алтын қоры бірнеше жүздеген тонна деп бағалануда. Жаңадан барланған кен орындары есебінен болжанған алтын қоры көлемі ұлғаюы мүмкін деп күтілуде.