Көрмеде азық-түлік және сусын түрлерін, оларды шығаруға арналған жабдықтар мен технологияларды, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар, жабдықтар ұсынылды. “AgroProm Shymkent 2016” көрмесінің аясында толыққанды іскерлік бағдарламалар қарастырылды.
Атап айтқанда шара кезінде «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ, Оңтүстік өңірі мен Жамбыл облысының арасында кооперацияны дамыту аясында меморандумға қол қойылды.
Айта өту керек, жыл басынан бері Оңтүстік өңірінде тамақ өнеркәсібіне 3 млрд. теңгеден астам инвестиция салынған. Дәл осы көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түседі деген жоспар бар. Мәселен, таяуда Қазығұрт ауданында “Lotus Food Company LLC” ЖШС тез дайындалатын кеспе жобасы жүзеге асырылды. Дәл осы жобаға 471 млн. теңге көлемінде инвестиция салынған.