09.09.2016 в 23:16

Баланы интернет арқылы бақылау қылмыстың алдын алады

Ата-аналардың өз баласының сабаққа барған, бармағанын интернет арқылы анықтайтын кезі шақ тұр. Бұл жөнінде Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен «Жастар тәрбиесі - өзекті мәселе» атты аудандық семинар-жиналыста мәлім болды.

Қазір Шымкенттегі  бірқатар  білім ошақтарында арнайы компьютерлер  орнатылып  жатыр.  Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, Шымкентте  жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтар  жиілеген. Миллиондар қаласында кәмелетке толмағандар ісі бойынша бірқатар шаралар қолға  алынғанымен   ол  өз  жемісін бермей отыр. Басты себеп,   ата-аналар  бала  тәрбиесіне бейжай  қарайды. Келеңсіз жағдай орын алса, білім беру мекемесін, кәмелетке толмағандар ісі бойынша жауапты полиция қызметкерлерін кінәлауға  бейім,-  дейді  мамандар.   Семинар-жиналыс барысында  қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов,  Қаратау ауданы әкімі Ғабит  Мәуленқұлов  сөз алып,  жастар тәрбиесін босаңсытпау үшін маңызды 7 іс-шараны қолға алу қажеттігін атап өтті. Бұл туралы "Қазақстан-Шымкент" телеарнасы хабарлады.