12.09.2016 в 00:00

Шымкентте өткен көрмеде 60-қа жуық компания тауарын ұсынды

Шымкентте «Тамақ өнеркәсібі саласындағы жабдық пен технологиялар» – AgroProm Shymkent 2016 тақырыбында көрме өтуде. Шараны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Оңтүстік» индустриалдық аумақты басқару компаниясы» ЖШС қолдауымен, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр,-деп хабарлайды shymkala.kz сайты.

 MG 2170

Азық-түлік, сусын, жеміс-жидек, ет және шұжық өнімдері арқылы тұтынушылардың көңілінен шығып жүрген 60-қа жуық компания қала тұрғындарына өз тауарын ұсынды.Олардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысынан бөлек, Жамбыл, Алматы өңірлерінен келгендер де бар.

Көрме «Оңтүстік Қазақстан облысында Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстелмен жалғасты.