16.09.2016 в 23:26

«Shymkent City» қалашығында  қуаты 110 Кв болатын подстанция салынуда

Қала дамуы үшін маңызды міндет - қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция мен туристердің санын арттыру. Бұл бағытта қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен Польша елінің «VecoPolyEnergy» компаниясы Шымкент қаласында қоқыс өңдеу зауытын салу үшін келіссөздер жасалуда. Қалада кіші және орта бизнесті ынталандыру бағытында «ең үздік бизнес идеяларды» іріктеу үшін «Innovation» байқауы ұйымдастырылды.

 Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және «ЭКСПО -2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңірлік дайындық аясында да бірқатар ауқымды жобалар қолға алынды. Соның бірі, «Shymkent Tau Fest -2016» фестивальі. Қала көркі кіреберістен басталатындықтан, бірінші кезекте әуежай, темір жол вокзалынан келетін және қаланың орталық көшелерін көріктендіру жұмыстары басталды. Осыған орай, «Тұлпар» көлі маңында жеке инвестор есебінен «Жайлаукөл» демалыс аймағы ашылды.

 Шымкент қаласының тарихындағы ең ауқымды тарихи жоба ол қаланың даму Концепциясына сәйкес «Тұран» шағынауданынан салынатын «Shymkent City» қалашығы. 2016 жылдан бастап осы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен инженерлік-коммуникациялық жүйелердің құрылысына 1,9 млрд. теңге, 270 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 388,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қалашықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін биылғы жылғы қуаты 110 Кв «Астана-1,2» подстанциясының құрылысы басталып, саябақтың жобалық құжаттары әзірленуде.