Мұнда болашақ интернатта тұратындар үшін мектептің күллі аумағы бойынша тосқауылсыз орта құрылады. Бұл пандустар, кең дәліздер, табалдырығы жоқ кең есіктер, арнайы жабдықталған гигиена бөлмелері. Ғимарат 5 тұрғын секциясынан тұрады, олардың әрқайсысы 20 тәрбиеленушіге арналған ұяшықтан тұрады. Өз кезегінде ұяшық 3 адамнан аспайтын сыйымдылықпен тұрғын бөлмелерден, үй тапсырмалары мен оқу пәндері бойынша дербес жұмыстар бөлмесінен, қосалқы, санитарлық-тұрмыстық үй-жайдан тұрады.
Сабаққа арналған бөлмелер лингафондық жабдықпен жарақталған.
Интернатта сондай-ақ дәрігерлік арнайы кабинеттерден және т.б. құралған медициналық пункт бар. Мектеп интернатта мамандар балаларға медициналық-психологиялық көмек ұйымдастырады. Қабаттарда көз дәрігері, рефлектолог, сурдолог ем кабинеттері көзделген. Бір сөзбен айтқанда, жобамен ерекше балалардың жайлы жағдайы үшін қажеттінің бәрі қарастырылған. Әрі, балалар 9 сыныптан кейін қала колледждерінде мамандық ала алады, деді әкімге басқарма басшысы.
Оның айтуынша, облыстың қалалары мен аудандарында тірек-қозғалтқыш аппараты, көру, есту, сөйлеу жағынан кемістіктері бар балаларды жинау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде 76 өтініш келіп түсті. 1-2 сынып оқушыларын мектеп-интернат базасында оқыту жоспарлануда. 3-11 сыныптарға инклюзивті түрде №15, 37, 14 және 16 мектептерде өтеді.
Мектеп интернаты жылдың аяғында пайдалануға берілуі тиіс. Қарау барысында анықталғандай, құрылысшылардан жұмысты 1 қыркүйекте аяқтауды өтінген, олар уәде берген. Өкінішке орай, жұмыс аяқталмады, жылдың аяғында, яғни жобалық мерзімде тапсырылады. Бір жағынан жұмыстың орындау мерзімі құжатқа сәйкес келеді.