Г.Заурбекованың айтуынша, Тараз қаласында жалпы мектеп саны – 59 (жалпы білім беретін күндізгі мектеп – 58, кешкі мектеп – 1), оның ішінде, бастауыш мектептер – 4 (№30,52,58,59), орта мектептер – 54.
-Жалпы Тараз қаласында жаңа оқу жылында мектептерде оқитын оқушылар саны – 64063, оның ішінде 1-ші сыныпқа қабылданғаны – 8543. Оқушылар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 3475 оқушыға артып отыр. Ал күрделі жөндеуден өткізуге 2016 жылға 1 млрд. 223 млн. 098 мың теңге қаражат қарастырылған. Айта кетерлік жайт, 2015 жылға күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылған жоқ . Оның ішінде, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы аясында қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу» бағдарламасы бойынша 523 566,0 мың теңге қарастырылып, бірнеше нысандарға нысандарға бөлінді . Атап айтсақ, -№24 гимназияға - 257 862,0 мың теңге, №32 орта мектепке - 211 155,0 мың теңге, №37 орта мектепке - 131 479,0 мың теңге, №21 балабақшаға - 99 036,0 мың теңге -, деп мәлімдеді спикер.
- Жалпы жөндеу жұмыстарына 8 мердігер компаниясы қатысты.
Аталған мектептерде келісім-шартқа сәйкес жасалған кесте бойынша күрделі жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. 2016 жылдың 1 қыркүйегіне көрсетілген мекемелердің барлығында жөндеу жұмыстары аяқталмауына байланысты оқушылар жақын маңдағы мектептерге қатынап оқитын болды, әкімдіктің бақылауында екендігін хабарлады спикер.