19.09.2016 в 20:42

Шымкенттегі Мәделі қожа көшесіндегі көпір жөнделді

Шымкенттегі Мәделі қожа көшесінің үстіндегі көпірді жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Көпірдің тіректері ақ-сары түске боялып, текпешектері гранит тақтайшалармен қапталды. Осылайша үлкен көпір танымастай болып өзгеріп отыр,-деп жазады otyrar.kz.

Бұл жұмыстарға 28 миллион теңге бөлініп, тендерді «Жырым» мекемесі жеңіп алған. Айта кету керек, Төреқұлов көшесіндегі жұмыстарды да дәл осы мекеме жүргізуде. Дегенмен, 7 миллион теңге бөлінген мұндағы жұмыс сапасыз болып шықты.

Қалалық әкімдіктің өкілдері «Жырым» компаниясы сапасыз материалдарды қолданған деп мәлімдеді. Қазір жұмысшылар бұрынғы қабырғаны алып тастап, жаңасын қалауда.