Брифингте мәлім болғандай биылғы жылы орташа есеппен - 470 мың тн. астық жиналып, түсімділігі орташа 22 цн/га. құраған. Ал 1991 жылы астықтың түсімділігі гектарына 17,8 центнер болған. Оңтүстік шаруалары өздерінің еңбекқорлығымен Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр.
«1999 жылдың аяғында бұрынғы 182 ұжымшар-кеңшар және мемлекеттік шаруашылықтар базасында жеке меншікке негізделген 20 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болды. Бүгінгі күнге олардың саны 70 мыңнан асты. Сондай-ақ, мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласын тікелей қолдауы мен облыс әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтежиесінде, 2010 жылдан бастап мал шаруашылығының өнім үлесі 45%, ал өсімдік шаруашылығының үлесі 55 % құрады»,-деді басқарма басшысы.