Мақсат Жұматаев, өндіріс басшысы
Қазір біз Қазақстанның барлық аймақтарын қамтып отырмыз. Алғашқы экспорт Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне жол тартты. Енді Ресей, Беларусь Грузин елдерімен келіссөздер жүргізудеміз. Сондай-ақ, биологиялық белсенді қоспалар мен түрлі шөптерден жасалған көк шайлар тұтынушылардың сұранысына ие.
Компанияда 220 адам жұмыс істейді. Олардың күшімен жылына мың тоннадан астам өнім өндіріледі. Нышанбек Іңкәрбековке өз жұмысы ұнайды. Ол дайын өнімді арнайы қалыптарға салып, келесі желі - қораптауға жөнелтіп отырады. Осылайша, шикізатты сатып алудан бастап, дайын өнімдерді сақтауға дейінгі процесте сапа қатаң қадағаланады.
Нышанбек Іңкәрбеков, жұмысшы
Менің осында жұмыс істегегеніме 5 жылдай уақыт болды. Жарық, жылы бөлмелер жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Жалақымызхды да дер кезінде береді. Жауапкершілік те жоғары. Әркім өзхіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындайды.