Еркін Жүсіпов - облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Мысалы, Әзербайжан болса, Әзербайжанның өздеріне жер береміз. Өздерінің жобалары мен, өздерінің сәулет өнерімен сол қалашықты жасау мақсатында. Түрік мемлекеті болса олардың өздеріне. Болмаса, татар халқы олардың өздеріне. Сол арқылы бір этно қала пайда болады.
Шымкентте астана саябағы салынады
Түркістан түлер тұста Шымкент те шырайлана түспек. Оған дәлел - облыс орталығынан «Астана» саябағы мен «Тағзым» монументі салынбақ. Қала тұрғындары мен қонақтарының еркін серуендеуіне арналған жер жаңа әкімшілік іскерлік орталығының маңында болады.
Еркін Жүсіпов, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Мынау Астана паркі жаңадан болатын. Оның эскиздерін біз бұл жерге көрсетіп отырмыз. Бұл мынау әкімшілік іскерлік орталығы маңындағы сай бар ғой... соның барлығын паркке айналдырамыз. Осы Астана паркі болады. «Қасірет» мемориалының барлығы қайта құрылымдаудан өтеді.
Ал, облыстағы халқының саны бес мыңнан асатын ауылдардың бас жоспарын жасау жұмыстары бүгінде 98 пайызға біткен. Бүгінде тек бір елдімекеннің жобасын аяқтау қалды.