Облыс тұрғындарын қысқы және ерте көктемгі мезгілде қол жетімді бағада жеміс - көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін, өңірде сиымдылығын 220,0 мың тонна болатын жеміс-көкөніс сақтау қоймалары бар.
Сонымен қатар, облыста соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы терең қопсыту технологиясы 86 мың га енгізілді. Тәжірибе жүзінде мақтадан орташа есеппен 26 – 27 цн/га. өнім алынса, терең қопсыту технологиясын енгізген шаруашылықтар 40 – 45 цн/га. өнім алуда. Аталған технологияның катты топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиімділігін ескере отырып, алдағы уақытта бұл технологияны басқа дақылдар мен тәлімі жерлерге қолдану ұсынылып отыр.