Айта кетерлігі, 1997 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші қатысушылар шығармашылық тұрғыда өзін таныстырса, екінші кезекте зияткерлік байқауында білімділігін паш етті. Ал соңғы тур сән шоуына ұласты. Үш
Осылайша қазылар шешімімен «Шымкент аруы - 2016» байқауының жеңімпазы Бекжігіт Тоғжан, І-ші вице мисс Файзулла Айыпжан, ІІ-ші вице миис Дайана Сәдуақасова атанса, көрермен көз айымы аталымы бойынша Салима Бейсенғалиева жеңіп алды.
Аталмыш байқау жеңімпаздарына 165 мың тг көлемінде жүлде қоры белгіленген. Сондай-ақ, сұлулар сайысының бас жүлдегері алда өтетін республикалық «Қазақстан аруы» байқауына жолдама алды.