Облыс басшысы өз есебін сүйікті тақырыбы — өңірге инвестициялар тартудан бастады. Бүгінде облыста жеті индустриалды аймақ табысты жұмыс істеп, төртеуінде инфроқұрылым жүргізілуде. Аймақтарды индустриалды инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 27 млрд теңгеге 16 жоба іске қосылып, 845 адам жұмыспен қамтылған. Алты айда 384 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде облыс бюджетінің көлемі 500 млрд теңгеден асты.
Есепті мерзміде апатты жағдайдағы 11 және үш ауысымды 9 мектептің құрылысы аяқталды. Халықты сапалы ауыз сумен қамту, газдандыру мәселелері де жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Қала, аудандардағы бірінші кезекте орындалатын тапсырмалар индустрияалдық картаға енгізілген. Мұны жақсы білетін халық қалаулылары көпшілікті толғандыратын мәселелерге аса көңіл бөлу қажеттігін нақтылады.
Облыстың экономикасына әсері бар туризм саласын дамыту бағытында Арыстанбаб сияқты тарихи көне орындарға баратын жолдар жөнделетін болып шешілді,-деп жазады otyrar.kz.
Жиында Солтүстік өңірлерге қоныстанған жерлестерімізді қолдау үшін аудандармен жеке бауырлас болу жөнінде ұсыныс та жасалды. Елбасының тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалуын өңір басшысымен бірге қамтамасыз еткен депутаттар Бейбіт Атамқұловтың жұмысына жақсы деген баға берді.