Экскурсияның ашылу салтанаты «Руханият-Әбунасыр әл-Фараби музейінің» алдында Отырар балалар саз мектебінің өнерпаздары әзірлеген әсем әндерімен бастау алды.
Аудандық білім бөлімінің «Жас туристер станциясы» МКҚК-ның үйірме мүшелерімен Отырар жерінің тарихи –мәдени нысандарын аралап, туған өлкеміздің тарихы мен Мәдени мұрасымен тереңірек танысып, балалардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылды.
Аталған шараға аудан әкімі Е.Айтаханов қатысып өскелең ұрпаққа «Отырар-тарихтың
Одан әрмен Отырартөбе қалажұртына тарихи шолу жасалып, Шығыс моншасы архитектуралық кешені мен құпияға толы Отырар қақпасының тарихы зерделеніп, Отырар қалажұртындағы «Бердібек сарайы» кешенінің таныстырылымы өтті.
Экскурсия жалғасы «Құмырашылар үйіне бағытталып», археологиялық қазба кезінде табылған көне мұралар ішінен қалыпқа құйылып күйдіріп жасалған әшекейлі қыш құмыралар көрсетілді. Жиын соңында үйірме мүшелерінің экскурсияға байланысты пікірлері тыңдалды.