Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұ. Сәдібеков барша облыс тұрғындарын тіл мерекесімен өңір басшысы Б.Атамқұловтың атынан құттықтады.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары тілдерді қолдану мен дамытуға үлес қосқан 20 азаматты облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттаса, 11 тіл жанашыры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, «Нұр Отан» партиясы мен облыстық мәслихаттың арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік шара аудан, қала өнерпаздарының және этнос өкілдерінің концерттік бағдарламаларымен жалғасын тапты.
Айта кетейік, жалпы облысымызда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 91 пайызға, ал орыс тілін меңгергендер – 62,5 пайызға, ағылшын тілін меңгергендер – 8 пайызға жетіп отыр. Сондай-ақ, облыс аумағында тілдерді ақысыз үйрететін 14 оқу орталығы жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде оларда 4 мыңға жуық тіл үйренуші тілдерді оқып, үйренуде.