Оның айтуынша, транзиттік дәліздің 184 шақырымында қайта құру жұмыстары атқарылып жатыр. Оның әр шақырымына мемлекеттік бюджеттен 500 млн. теңге қаржы жұмсалуда. Ағымдағы жөндеулер ақауларды бөлшектеп жою бойынша жүргізілсе, орташа жөндеу жол жамылғысының тозу қабаты мен түзулігін қалпына келтіру арқылы іске асып отыр. Мердігер мекемелер ол үшін мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес, ашық конкурсқа қатысып, жеңімпаз ретінде танылған. Республикалық маңызы бар «Жызақ-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолының» 175-ші 190-шы шақырымдарын жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталуы тиіс.
Брифингте күрделі жөндеу жұмыстарына тоқталған спикер жолдың жөнделуі аралығын есепке алу және диагностика өткізу арқылы белгіленетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ол соңғы жылдары иновациялық технологияларды еңдіру мақсатында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде дәстүрлі (кедір – бұдырлы жамылғысын төсеу) және қабатты тегістеу құрылғысының орнына қолданыстағы жабындыны тұрақтандырғыш қосу арқылы рексайлинг әдісі қолданылып жатқанында атап өтті.