Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан азаматша А. Асановаға гүл шоғы,
Бұдан бөлек, қала әкімі зейнеткер Назым Мәмбетәлінің үйінде болып, биыл 107 жасқа толып отырған қаланың ең қарт тұрғынына арнайы сый-сыяпатын табыс етті. Ардақты ана 1909 жылы Отырар ауданында дүниеге келген. Тыл еңбеккері өзінің ұзақ ғұмырында колхозда еңбек еткен. 10 баладан 31 немере, 19 шөбере сүйді.
Қала әкімі қаланың қарт тұрғынына теледидар сыйлап, оған зор денсаулық, жанұясына бақыт тіледі.
Айта кетейік, бүгінде қалада жасы жүзден асқан 19 адам тұрады. Оның басым көпшілігі Еңбекші ауданының тұрғындары аталады.