Ал, Ыбырай Мұхаммед-Райым жылыжай ісімен айналысады. Биыл 3-ші рет өнім алған азамат: «Жеміс-жидек, көкөніске тапсырыс көлемі жоғары», - дейді. Қазіргі таңда Түркістан қаласынан бөлек, өзге аймақтардың тұрғындарын да қызанақ, қиярмен қамтамасыз етіп отыр. Өнім тұқымдарын Голландия, Испания, Франция елдерінен әкеледі. Болашқта шаруашылық көлемін одан әрмен ұлғайтуды көздейді.
Жыл басынан облыстағы фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теңге көлемінде несие берген.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту елдің экономикасын көтеруде маңызды рөлге ие. Бұл өз кезегінде қоғамдағы жұмыссыздықты түбегейлі жоюға мүмкіндік береді.