Аталған жұмыстар жылдың соңына дейін жалғасып бес жүзге жуық, жаңа жұмыс орындарына жұмыспен қамтылады. Бағдарламадан мүгедектер де шет қалып жатқан жоқ. Жалпы бағдарлама қатысушыларының ішінен 2016 жылға 101 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған болатын. 2016
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жартыжылдықта 33 400 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Бұл республикалық көрсеткіштің 16 пайызын құрайды. Ал аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 27 пайызға төмендеген. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайызды құрайды.