26.09.2016 в 00:40

Арыста шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Ашық есік» күні өтті

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларының басым бағыттарын кәсіпкерлікті дамытуға арнап келеді.

Шаруаларға көптеген жеңілдіктер мемлекеттік бағдарламалар бекітіліп, мол өнім алуға өз септігін тигізуде.

Осы мақсатта бүгін кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы салаларына қатысты, оларды дамыту бойынша«Ашық есік» күні өтті.

Ашық есік күніне қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай, «Максимум» АИО» ЖШС жобаларды жүзеге асыру департамент басшысының орынбасары А.Сауранбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ОҚО бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Арыс қалалық филиалының маманы Х.Тойбекова, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Айтбенбетов, Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.Адамбеков, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС –нің несие бөлімінің жетекші сарапшысы М.Қожабеков, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Н.Байдүйсенов, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының Арыс қалалық филиалының директоры М.Төлебеков және кәсіпкерлер қатысты.

Жиынның мақсаты кәсіпкерлермен кездесіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер, егін-егу жұмыстарын қаржыландыру, несиелерді алу шарттары және жылжымайтын мүлікке техникалық төлқұжат жасау бойынша түсіндіру.

Кездесуде сала мамандары баяндама жасап, несие алудың оңтайлы тұстарын халыққа түсіндірді.

Жиын соңында тұрғындар көкейлерінде жүрген бағдарламалар бойынша несие алу туралы сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.