Әңгіме баланың туылғандығын тіркеу, бала күтіміне және туылуына жәрдемақы төлемдерін, жүктілікке және босануға байланысты кірісті жоғалтуға байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сонымен қатар, бала бақшаға кезекке отырғызу мүмкіндігі туралы рәсімдеу болып отыр. Осыдан былай, осы қызметтер үшін өтініштерді бір уақытта перзентханада қабылдауға болады.
Медет Кумаргалиев Өскемендегі «Ана мен бала орталығына» барып, оның іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын тексеріп қайтты.
«Ана мен бала орталығында» Медет Кумаргалиев мекеме басшысымен кездесіп ұжымға өзгерістердің мәнін түсіндіріп және босанатындарға арналған арнайы кабинет қалай жабдықталғанын тексерді, онда аналар электронды қолтаңба көмегімен өзіне қажетті барлық құжаттарды рәсімдей алады.
Айтпақшы, «Ана мен бала орталығында» Медет Кумаргалиевтің пікірі бойынша барлығы жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Бұл жерде күнделікті негізде сағат 14:30- дан 17: 00 – ге дейін «ХҚКО» Департаментінің қызметкерлері сонда болып аналардың барлық сұрақтарына жауап беріп, кеңестер көрсетеді. Үш босанушығы Медет Кумаргалиев өзі туу туралы куәліктерін табыс етті.
- Мен үш баланың әкесімін, сол үшін берілген үш күн ішінде балаға туу туралы куәлікті рәсімдеу қиын, – деді ол. Сол үшін «Ана мен бала орталығында» барлығы ұйымдастырылған. Осындай жағдай Шығыс Қазақстанның барлық перзентханаларында бар деген ойдамын. Қазір аналарға ешқайда асығып, жүгірудің қажеті жоқ. Ол онсызда 9 ай жүктіліктерін пысықтады, енді балалырының қасында болсын. Ең бастысы – бұл жоба шенеуніктерге емес, біздің корпорацияның қызметкерлеріне емес адамдарға керек екендігін түсіну керек.
8 ай ішінде ХҚКО 24 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 235 мыңнан көбі – туу туралы куәліктерді беру екендігін еске саламыз.