«Анаға апарар жол» кинокартинасы – қазіргі ұлттық кинематографиядағы ең айтулы қойылымның бірі. Сюжет желісіне фильм кейіпкерінің басына түскен сынақтардан өтуіне көмектесетін ана махаббатының күші туралы оқиға өзек болған. Басты кейіпкер Ілияс (Әділ Ахметов) пен анасының (Алтынай Нөгербек) арасындағы ұлы сезім олардың басына туған барлық қиын күндерді артқа тастап, қайта қауышуына себепші болады.
Фильм 1930 жылдан бастап қазірге дейін аралықты қамтиды.
Тарихи драманың түсірілімі Қазақстан, Беларус, Әзірбайжан жерінде өтсе, Минскіде әскери кезеңнің эпизодтары түсірілді. «Днепрді алу» кезіндегі қанды қырғынға 500-ден астам адам, 300 әскери техника, сондай-ақ кәсіби каскадерлер мен пиротехникалық заттар қолданылды. Жалпы картинаның жұмысына бас-аяғы 2 мың адам қатысты.