Қазан айының 1 күні Алматыда ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам оңтүстікқазақстандық тауарөндіруші қатысады деп күтілуде. Оңтүстік астанада ұсынылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының шарасында саудаланатын
Оңтүстіктің шаруалары жеті жүз шақырым жол жүріп, оңтүстік астанадағы жәрмеңкені қыздырмақ. Бұл көште керектінің бәрі бар. Түлкібастың алмасы, Мақтаралдың қауыны, Сарыағаштың жүзімі, Төлебидің қымызы мен Теріскейдің шұбаты да бар. Ал, Ордабасы ауданы биыл жеміс-жидекпен қатар, ет өнімімен ерекшеленіп тұр. Алып құс фабрикалары бар ауданнан қос жүк көлігіне тауық етінің сан түрі тиелген. Ордабасылықтар көкше байлығымызды дер кезінде жиып, үлгердік, - деп шүкірлік етуде.