Халықаралық шараның ұйымдастырылу барысы туралы жиынға «ОҚО туризм индустриясының дамыту» орталығы қауымдастығының жетекшісі Гүлмира Ақбердиева және "Ontustik Tourism Center" туристік-ақпараттық орталығы директорының орынбасары Олжас Шынтаев қатысты.
Журналистермен болған басқосуда спикерлер аталған форум аясында «Оңтүстік Қазақстан облысы - Жібек Жолының жүрегі» тақырыбындағы бизнес-конференция мен «Silk Way Tourism
«Туризм саласындағы өңіраралық және халықаралық серіктестіктерді қарқындатып, туризм мен қонақжайлық қызмет саласында іскерлік қатынастар орнату және дамыту мақсатында ұйымдастырылып жатқан форумда қатысушылар үшін әлеуетті бизнес-серіктестермен B2B кездесулер өткізіліп, меморандумдар түзіледі деп күтілуде. Сонымен бірге, «ONTUSTIKTOURISM-2016» туризм шарасында туристік және қонақүй бизнесі саласындағы отандық және халықаралық сарапшылардан қажетті кеңестер алуға мүмкіндік туады», - деді О.Шынтаев.