30.09.2016 в 19:33

ОҚО мәслихатының кезекті сессиясында 15 мәселе қаралды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына өңір басшысы Б.Атамқұлов, облыстық мәслихат депуттары мен облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан, қала әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәслихат сессиясының күн тәртібінде он бес мәселе қаралды. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыстары және қайта құрудың бюджеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі есебі,  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша коммуналдық қызмет көрсету тарифтері туралы, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы және тағы да басқа маңызды мәселелер қаралды.

Сессияда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының  төрағасы қызметіне Сырым Шалабаев тағайындалды.

Сондай-ақ, жазған арызына сәйкес мәслихат хатшысы Қамытбек Айтөреев қызметінен босатылып, мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқару Әбілқасым Досболовқа жүктелді.

Кезекті сессияны қорытындылаған өңір басшысы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қолдау көрсеткен халық қалаулыларына алғысын білдіріп, Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеген міндеттер мен тапсырмаларды бірлесе жүзеге асыруды ұсынды.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы кооперацияларының желісін құруды.  Және ол кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету» жайына баса көңіл аударды. Мен әрбір облысқа барғанымда ең бірінші маған жасайтын баяндама қанша жұмыс орны құрылғандығы жайында болуы керек. Әр аудан мен ауылдардың арасында кім қанша жұмыс орнын құрғандығы жөнінен бәсеке болуы керек. Біздің халыққа жасайтын ең жақсылығымыз сол. Басқасын өз қолымен жұмыс істеп, қаражатын тауып, бала-шағасын асырауы керек»,-  деп атап өткен болатын.