Даниал Ахметов бастаған топ Талдықорған қаласында пайдалануға берілген бірнеше нысандарды аралап көрді. Атап айтқанда, делегация басшысы еліміздегі ең үлкен спорттық нысанның бірі - «Жастар» спорт сарайын, 52 үйірмесі бар «Оқушылар сарайына» барып, жастарға қызмет көрсету орталығында да болды.
«Талдықорған қаласына келмегеніме 10 жылдай уақыт болыпты. Құрылыс саласында оң
Қала күні мерекесі қарсаңында келген Даниал Ахметов талдықорғандықтарды мерекемен құттықтады. Айта кетелік, ертең талдықорғандықтар Қала күнін кең көлемде атап өтпек,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.