30.09.2016 в 15:45

Өскеменде ауруханада жатқан соғыс және тыл ардагерлеріне айрықша құрмет көрсетілді

Қарттар күніне орай Өскеменде стационарлық ем қабылдап, ауруханада жатқан соғыс және тыл ардагерлеріне айрықша құрмет көрсетілді,-деп хабарлайды 24.kz. Медициналық мекеменің 10 палатадан тұратын 40 орындық бөлімінде 2012 жылдан бері қарттардың денсаулығын оңалтуға ерекше ден қойылып келеді. Мұнда білікті дәрігерлер пайдалы кеңес беріп, ұдайы клиникалық тексеруден өткізеді. Қазір мұнда Ұлы Отан соғысының 2 ардагері мен 5 тыл еңбеккері тегін ем алып жатыр. 90 жастағы Иван Иванов 17 жасында Екінші Балтық жағалауы майданына аттанған екен. Соғыстан кейін 35 жыл көлік компаниясында еңбек еткен азамат ел тыныштығының басты кепілі достықта деп есептейді.

Иван Иванов, Ұлы Отан соғысының ардагері: - Ең бастысы – тату-тәтті достықта өмір сүру, бір отбасындай ынтымақты сақтау. Сол кезде ғана еліміз өркендей бермек.