Жанель Рахимова, Шәкәрім атындағы мектеп-лицейдің оқушысы: - Өсімдіктерді биология пәнінен білеміз, бөлмеде қанша жасыл өсімдік болса, біздің ауамыз соншалықты таза болады. Мұржаның жан-жағын жасыл өсімдіктермен толтырдым. Мұржадан шыққан керексіз түтінді өздеріне сорып алып, бізге таза ауа береді.
Ал Уварово ауылынан келген 10 сынып оқушысы Саша Спиридонов өз жобасын жүзеге асырып та үлгерген. Ол үйіндегі суды күн қуаты арқылы жылытуды қолға алыпты.
Александр Спиридонов, Уварово орта мектебінің оқушысы: - Күн сәулесі коллектордағы суға түсіп, оны жылытады. Су коллектордағы түтік арқылы бакқа жиналады. Бұл жерден жылу алмасу қағидасы бойынша салқын су төмен қарай бағытталып, ыстық су жоғары көтерілетін болады. Жас зерттеушілердің жобалары жоғары бағаланды. Қазылар алқасының мүшелері бұларды қолданысқа енгізуді ұсынбақ. Ал оқушылар осы бағыттағы ізденістерін одан әрі жалғастыра бермек ниетте. Олар форумда қалдықтан өнер туындысын жасауға болатынын дәлелдеп, сән көрсетілімін де ұйымдастырды,-деп жазады 24.kz.