Максим Крикуненко, омарташы: - Аралардың да өз отбасы болады. Біріншіден, осы отбасы өте мықты әрі еңбекқор болуы тиіс. Екіншіден, өсімдіктерден табиғи шырын, яғни шәрбат мол бөлінуі керек. Сонда бал да мол болады. Сондай-ақ аралардың ұшып-қонуы үшін ауа райы қолайлы болуы да әсер етеді. Өкінішке қарай, биылғы ауа райы ара өсірушілердің ісіне кері әсерін тигізген. Көктем кеш шығып, жазғы күн райы жаңбырлы әрі салқын болды. Соның салдарынан балдың түсімі 20 пайызға төмендеген. Енді оның сапасын көтеруіміз қажет дейді омарташы Иван Крикуненко. Сондықтан олар өнімді өздері жинап, тазартып жатыр. Жақында құрал-жабдықтардың бір бөлігін жаңартпақ. Бұл кәсіпті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Субсидия төленіп, жеңілдетілген несие беру жағы да қарастырылған.
Иван Крикуненко, омарташы: - Бизнестің жол картасы бойынша 6,5 пайыздық жеңілдікпен 6 миллион теңге несие алдық. Қазір кәсібімізді дамыту үшін автокөлік сатып алдық. Сонымен қатар балауыз бен қажетті дәрі-дәрмектер де алынды. Қазір ағайынды кәсіпкерлер жаңа қойма салып қойды. Олар бал өнімі артатынына сенімді. Мамандар да ара өсіру ісінің келешегі зор екендігін айтуда. Оның үстіне Қазақстанның Алтай өлкесінде бұл істі дамытып, елдегі ең сапалы әрі ең таза бал алуға толықтай мүмкіндік бар,-деді 24.kz.