30.09.2016 в 17:15

Алматыда Шығыс Қазақстан облысының бал жәрмеңкесі өтті

Өңіраралық кооперация аясында 29-30 қыркүйек күндері Алматыда Шығыс Қазақстан облысының бал жәрмеңкесі өтті. Онда қала тұрғындарына алуан түрлі бал, панты өнімдері және ағаштан жасалған бұйымдар ұсынылды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Өскемен қаласы, Аягөз, Зырян, Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Үржар, Көкпекті, Шемонаиха және Тарбағатай аудандарының өнімдері қойылған сауда қалашығы екі күн бойы Шевченко көшесінің бойындағы Ғылым академиясының алдындағы алаңда жұмыс істейтін болады. Алматылықтар үшін 40 тоннадан астам түрлі бал және бал өнімдері, панты өнімінің 27 түрі әкелінді. Сонымен қатар қала тұрғындары қолөнер бұйымдарын сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Жиналған жұртшылыққа Бал жәрмеңкесі барысында Шығыс Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдарының концерті ұсынылды.

Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары 2016 жылы Шығыс Қазақстанның 5 көне ескерткішінде жүргізілген археологиялық қазбалардың жәдігерлерімен танысты.  Көрмеде Берел қорғаны, Шілікті жазығы, Аблайкит қамал-монастірінде, Қырықүңгір мен Елеке сазында табылған артефактілер көрмеге қойылмақ.