02.10.2016 в 23:12

Жамбылдық колледж студенттеріне келешек жұмыс орындары көрсетілді

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында Жамбыл облысында жастарды еңбекке, әсіресе жұмысшы мамандықтарының кәсіби еңбектеріне құрметпеу қарауға үйретуге бағытталған іс-шаралар өтуде. Өңірдің кәсіпкерлік палатасы «Жастарды еңбекпен қамту» онкүндігін ұйымдастырып, оның шеңберінде колледж студенттері үшін кәсіпорындарға экскурсиялар жасалды,-деп жазады ҚазАқпарат.

«Биыл 5 колледж студенттері үшін экскурсиялар ұйымдастырылды. 2015 жылы  800 қатысушыны қамти отырып, 32 кәсіпорында болдық», - деп атап өтті Жамбыл облысы бойынша Кәсіпкерлік палатасының өкілі Бағила Абдулдаева.

Мәселен, жамбылдық жастар «Айвенго» тігін фирмасында, «Rola-7» макарон өндіру кәсіпорнында, «ЖамбылНедр» ЖШС-да, «Минералды тыңайтқыштар зауытында», «Еурохим-Қаратау» ЖШС-да болып қайтты.