Еске салайық, соңғы бес жылда республика аумағында қолға алынған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» жобасы шеңберінде осы жылы үшінші шілде күні Астана қаласында өткен республикалық ақтық сайыста оңтүстікқазақстандық спортшы Жұманазар Ерсұлтанов «Қазақстан Барысы – 2016» сайысының екінші орын иегері атанды. Ал 2016 жылдың 5-21 аралығында XXXI жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан Жазира Жаппарқұл ІІ орынды иемденсе, дзюдодан ІІІ орынды Галбадрах Отгонцэцэг жеңіп алған болатын.
Бүгінде өңірде 32 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 124 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 713 спорт шеберіне үміткер дайындалды.
Оңтүстік Қазақстан облысынан спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамына 411 спортшы, жастар құрамасында 415 спортшы, жасөспірімдер құрамасында 263 спортшы, жалпы 1089 спортшы бекітілген. Сондай-ақ, спорт түрлері бойынша ұлттық құрама сапына енген 119 спортшыға ай сайын стипендия төленуде.