Қазақстан мен Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы және т.б. елдерден 60 шақты үміткер бақ сынап жатқан байқауда облысымыздың намысын «Менің Қазақстаным-2016» облыстық ән байқауының бас жүлде иегері Руслан Ақынбеков, «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің әншісі Диана Хашимханова мен облыстық опера және балет театрының әртісі Қаракөз Абдушариповалар қорғауда.
Ән салу өнерін дамыту, қазақ вальсінің падишасы Шәмші Қалдаяқов әндерін халық арасында орындайтын дарынды жастарға
Қазылар алқасының құрамында ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Еркімбеков және Әбілқасым Қалдаяқовтар бар.
Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, ОҚО әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан шара екі күнге ұласып, жетінші қазан күні жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар «Шәмші әлемі» гүлзарындағы гала-концертте марапатталады.